⚜️ “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Анатомия, спорттық морфология негіздері» пәні бойынша «Жүрек, қанайналым жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өтті

 

⚜️ “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Анатомия, спорттық морфология негіздері» пәні бойынша «Жүрек, қанайналым жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

🔸Сабақтың мақсаты – жүректің құрылысы, жұмысы, жиырылуы, қан айналым шеңберлері туралы білім меңгерту, оқытудың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы білім алушылардың білім біліктігін дамыту мен білім алушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуге ықпал ету.

🔸Жағымды атмосфералық ахуал мен көңіл-күйді жақсарту үшін «Жүректен жүрекке» тренингімен сабақты бастады. Сабақ барысында жүрек, қанайналу жүйесі бойынша білім алушылардың білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой-өрісін дамытып, жаңа платформаларды игере отырып, танымдық қабілетін арттырды.

🔸Сабақтың әр кезеңінде түрлі платформалар негізінде топтық, жұптық, жеке жұмыстар тиімді пайдаланылды. Атап айтсақ: «genial» платформасында QR код арқылы топтарды 3-ке бөлді; білім алушылардың білімін бағалау үшін «learninggapps» платформасы тиімді пайдаланылды. Білім алушылар сабақ мазмұнын түсінгендерін бекіту үшін әр топтан спикер сайланып, топтық тапсырмалар орындады. Әрбір тапсырма түрлеріне бағалау жасалды және білім алушылардың пікірлеріне кеңестер ұсынылды.

🔸Пән оқытушысы «Педагогика» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Шынжырбай Роза Айбергенқызы