“Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер” атты облыстық дөңгелек үстел өтті

 

“Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер” атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

“Анаға тағзым” орталығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, “Экономика және құқық” институты, “Тұран” бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен “Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер” атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні. Адамзат бағындырған барша жетістіктің бастауын ақыл мен ғылым құрайды.

Ғылымның дамуына өз үлестерін қосып, табанды еңбек етіп жүрген нәзік жанды аруларыдың қатысуымен өткен
шара барысында “Ғылымдағы әйел бейнесі: қазақстандық нұсқа”, “Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің құқықтық аспектілері” , “Қазақтың философиялық дүниетанымындағы әйел болмысы” тақырыптары талқыланды.

Дөңгелек үстелге Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Әлібекова Айгүл Бекқожақызы, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сайлаубекова Нуржамал Сайлаубековна және “Құқық және қызмет көрсету” кафедрасының меңгерушісі Бисенова Маржан Қылышбайқызы қатысты.