Құрметті әріптестер!

 

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды кәсіби мерекеміз - Ғылым күнімен құттықтаймыз!

Білім мен ғылым бір тамырдан нәр алған егіз ұғым. Жоғары оқу орындары талапты азаматтардың білімін шыңдап, ілкімді ізденістер арқылы ғылым игеруге қадамын түзейді.

Отандық ғылымның белесін айқындап, қазақстандық ғалымдардың беделін айшықтайтын бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ғылыми ізденістеріңізге табыстар тілейміз!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын қабыл алыңыздар!