⚜️ Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

 

⚜️ Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

🔸Беларусь Республикасы “Евфросинья Полоцкая” атындағы Полоцкий мемлекеттік университетімен Қызылорда ашық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық негізінде, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер өткізу мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында техника ғылымдарының кандидаты, “Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру” бөлімінің меңгерушісі Сайлаубекова Нуржамал Сайлаубековна “Инженерлік-құрылыс” факультетінің 1-70 04 02 мамандығы бойынша жоғары білім алудың I сатысы "Жылу-газбен жабдықтау, желдету және ауа бассейнін қорғау" мамандығының 2 курс студенттеріне дәріс жүргізуде. Дәрістер 2024 жылғы 13-22 сәуір аралығын қамтиды.

🔸Айта кетейік, сонымен қатар Беларусь Республикасы “Евфросинья Полоцкая”атындағы Полоцкий мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы дәріс сабақтарын жүргізуде және “Құқықтану (Қылмыстық құқық)” білім беру бағдарламасының білім алушысы Оралбай Рысдәулет және “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының студенті Жүсіпов Мұрат білім алуда.