Қызылорда ашық университетінің студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Белорусь елінде

 

Қызылорда ашық университетінің студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Белорусь елінде

Бүгінде Қызылорда ашық университетінің Құқықтану (қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Оралбай Рысдаулет Оралбайұлы 2023-2024 оқу жылының 2-ші академиялық кезеңінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Беларусь Республикасындағы Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университетінде білім алуда.

- Бұл бағдарлама арқылы мен білім көкжиегін кеңейтумен қатар Беларусь Республикасының табиғаты мен мәдениетімен танысып жатырмын. Университет қабырғасындағы тарихи орындарды көріп тарихты оқып та, тыңдап та, оған қол тигізіп те көрдім. Көптеген жерлерді аралап, студенттермен тәжірибе алмасып, жан-жақты дамып, уақытты барынша тиімді пайдаланудамын. Осы бағдарламаның көмегімен барынша сапалы білім алу барысында еңбектеніп келемін. Осындай мүмкіндік туғызған екі жақтың басшыларына үлкен алғыс білдіргім келеді- деп өз қуанышын жеткізуде.