Қызылорда ашық университетінің делегациясы Беларуссия елінде!

 

 

Қызылорда ашық университетінің делегациясы Беларуссия елінде!

2023 жылдың қараша айында Қызылорда ашық университеті мен Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Полоцк қаласы) арасында халықаралық ынтымақтастық орнаған болатын.

Полоцкий мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Голубева Оксана Валерьевна аппарат басшыларымен бірге университетке 15-21 сәуір аралығына, 1 аптаға арнайы шақыртумен келген Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызын және Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сайлаубекова Нұржамал Сайлаубекқызын қабылдады;
- және Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен осы университетте білім алып жатырған «Құқықтану (Қылмыстық құқық)» білім беру бағдарламасының студенті Оралбай Рысдәулет пен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Жүсіпов Мұрат қабылдауда болды;

Кездесуде Айсұлу Мұхамбетжанқызы Қызылорда ашық университетін таныстыру барысында Қазақстан Республикасынның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық білімнің, ғылымның дамуына, оның әлеуетін көтеруде, ғылыми жобалардың гранттық қаржыландыруға бөлінетін қаржының жылдан жылға өсуіне, жас ғалымдарды қолдауға үлкен мән беріп жатқанын айтты;
- екі жоғары оқу орнының өкілдері кездесу барысында білім беру процесі мен ғылыми қызмет аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады;
- бакалавриат даярлық деңгейі бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жасауға келісім жасалды;
- ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді;
- Осылайша, Қызылорда ашық университеті дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, шетелдік мықты университеттермен байланысты нығайта бермек.