Студенттеріміз жаңа достар тауып, білім көкжиегін кеңейтуде!

🔆 Қызылорда ашық университеті мен Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Полоцк қаласы) арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың аясында университет студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуда;
🎓 Университеттің «Құқықтану (қылмыстық құқық)» білім беру бағдарламасының студенті Оралбай Рысдәулет Полоцкий мемлекеттік университетінің Құқық факультетінің «Конституциялық және қылмыстық құқық» кафедрасында құқықтану мамандығы бойынша
23-ПР-2 оқу тобында білім алмасуда;
⚡️ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Жүсіпов Мұрат Полоцкий мемлекеттік университетінде Гуманитариялық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында 23-ФКС-1 оқу тобында білімін шыңдап жатыр;
👏 Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университетінің басшылығымен халықаралық студенттік алмасумен келген студенттер үшін жасалып, бекітілген мәдени-тынығу шаралар жоспарына сәйкес сабақтан кейін волонтерлар студенттерімізге Беларусь елінің тарихымен, университеттің білім, ғылымдағы студенттердің жетістіктерімен, университеттің материалдық-техникалық базасымен, университетте ұйымдастырылған көрмелерге, сонымен қатар жергілікті жердің тарихи орындары мен ескерткіштерімен таныстыруда;
‼️ Студенттеріміз жаңа достар тауып, білім көкжиегін кеңейтуде!