МАКСИМ ТАНКА АТЫНДАҒЫ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН (БМПУ) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

МАКСИМ ТАНКА АТЫНДАҒЫ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН (БМПУ) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ.
➢ 2024 жылғы 20 сәуірде Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Маковчик Александр Васильевич Қызылорда ашық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы бастаған делегацияны қабылдады;
➢ Қабылдау университеттің Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығында жүргізілді, оған БМПУ-дің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры Шеститко Ирина Владимировна, Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығының басшысы Гардукевич Марина Чеславовна қатысты;
➢ Қызылорда ашық университетінің делегация құрамында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сайлаубекова Нұржамал Сайлаубекқызы және бірінші курс студенттері Жүсіпов Мұрат, Оралбай Рысдәулет болды;
➢ Кездесу педагогикалық бағыт бойынша тәжірибе алмасу форматында өткізілді;
➢ профессор-оқытушылар құрамын дәріс оқуға шақыру;
➢ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалардың, тағылымдамалардың білім беру бағдарламаларын жасау және оларды ұйымдастыру;
➢ Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
➢ Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ғылыми басылымдарында бірлескен жарияланымдар шығару;
➢ профессор-оқытушылар құрамының БМПУ және Қызылорда ашық университеті ұйымдастыратын ғылыми конференцияларға қатысу;.
➢ Бірлескен халықаралық ғылыми гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу;
➢ Кездесу соңында құрметті қонақтарға арналған кітапта ізгі тілектерін жазып қалдырды;
➢ университет тарихымен таныстырып, музейлерге экскурссия жасалды;