⚜️ ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

 ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

19 сәуір күні С. Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицей базасында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновтің жүлдесі үшін ұйымдастырылған қалалық математика және физика пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілген болатын.  29 сәуір күні олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қызылорда ашық университеті ректорының гранты табысталды.

 Математика пәні бойынша ректор гранты иегерлері: 1. I орын – Лейла Амангелдиева (№2 Мұрагер мектебі); 2. II орын – Оралхан Сейілхан (№3 IT мектеп-лицейі); 3. II орын – Ақмарал Абжділхамит (К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектебі); 4. III орын – Дильназ Анафина (С. Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицейі); 5. III орын – Мадияр Сапаралиев (Н. Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы). Физика пәні бойынша ректор гранты иегерлері: I орын – Ертілеу Ермағамбет (М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі); II орын – Данияр Алмасов (Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейі); II орын – Мұхамедали Оразбай (К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектебі); III орын – Сырымбет Қыпшақбай (С. Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицейі); III орын – Алишер Амангельдиев (Т. Есетов атындағым №264 мектеп-лицейі).

Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен математика пәні бойынша – Рабиға Болат (№212 мектеп-гимназиясы) және физика пәні бойынша – Нұртуған Мадияр (№278 ІТ мектеп-лицейі) арнайы Алғыс хат иеленді.