⚜️ АКАДЕМИК АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

⚜️ АКАДЕМИК АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ 

✨ 29 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейінің 60 жылдық мерейтойы аясында 50 жыл бұрын бітірген мектептің үздік түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов атындағы математика кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді. Кабинет заман талабына сай оқыту-техникалық құралдармен жабдықталған.   

✨ Ашылу рәсіміне облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Хожбанов Әріп Битілеуұлі, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ермағамбетова Күлай Сағындыққызы, Қылышбай Алдабергенұлының 50 жыл бұрын мектепте бірге оқыған сыныптастары мен ұстаздары қатысты.   

✨ Түлек пен оқушы арасындағы сабақтастықтың көпірін жолға қойған білім ордасынан алдағы уақытта да еліміздің мақтанышы болар шәкірттер көптеп шығары анық!