Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген студенттер университет білім алушыларымен және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өткізді

⚡️ Беларусь Республикасының Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцк мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген «Құқықтану» (Қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасының студенті  Оралбай Рысдәулет пен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының  студенті Жүсіпов Мұрат университет студенттерімен және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өткізді. 

⚡️ Кездесуде студенттер Беларусь Республикасында өткен іс-сапарлары жайында ойларымен, жинаған тәжірибелерімен, әсерлерімен бөлісті.  Полоцк қаласының және Полоцк мемлекеттік университетінің тарихы туралы толық мағлұмат берді. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.   

⚡️ 2024-2025 оқу жылында осы университетпен байланысымыз кеңейе түспек!