Біздің ғалымдардың басты мақсаты-жер асты суларының қорын ұлғайту
Қызылорда ашық университетінің ғалымдары біздің облыстың ғана емес, бүкіл Қазақстанның экологиялық жағдайы мен су ресурстарының қорларын жақсарту мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде. Біздің ғалымдардың басты мақсаты-жер асты суларының қорын ұлғайту.
Сарапшылардың болжамынша, жиырма жылдан кейін Қазақстанда су тұтыну 56 пайызға өседі, ал су тапшылығы жылына жиырма километр кубтан асуы мүмкін.
Төтенше ауа-райы оқиғалары су тасқыны мен көшкінге әкеледі және қалаларға, инфрақұрылымға, жолдарға, ғимараттар мен көпірлерге үлкен қауіп төндіреді. Қазақстанның барлық ірі қалалары өзендердің жағасында орналасқан, сондықтан су тасқынына бейім.
Бүгінгі таңда климаттың өзгеруінің көптеген әсерлері су ресурстары арқылы сезіледі. Климаттың өзгеруі қол жетімді судың мөлшері мен сапасы өзгерген сайын су ресурстары үшін бәсекелестікті күшейте отырып, суға деген жаһандық сұранысты арттыратыны анық. Бүгін бізге қажет табиғи шешімдерге инвестиция салу.
Осы мәселелерді шешу үшін біздің университеттің ғалымдары осы саладағы мамандармен бірнеше рет кездесулер өткізді, табиғи су қоймаларының пайда болу аймағын зерттеу үшін сапарлар ұйымдастырылды.