Студенттеріміз Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары!

Студенттеріміз Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары!
Қызылорда ашық университетінің Инженерлік технологиялар кафедрасының «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері 2024 жылдың 25-30 сәуір аралығында Халықаралық білім беру корпорациясы (KAZGASA) ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
Университет намысын «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері Жүсіпәли Сұлтан, Аубакирова Нұрай және Кадирова Дильфуза қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
Кадирова Дильфуза «Жылыту» пәні бойынша ІІІ – орынды иеленді, жетекшісі: Сәрсенбаева А.М.
Аубакирова Нұрай «Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау» пәні бойынша ІІІ – орынға ие болды. жетекшісі: Мұхамбетжан А.М.
Жеңімпаз студенттерімізге Халықаралық білім беру корпорациясы атынан «Книжный город» кітаптар мегаполисіне 10000 теңгеден сертификаттар сыйлыққа тарту етілді.