Қызылорда ашық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

2024 жылдың 14 мамырында Қызылорда ашық университетінің Инженерлік технологиялар мен Құқық және қызмет көрсету кафедраларының оқытушылары Адамбаева Айжан, Өтепберген Гүлдина Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде, К.Қаракөзөв атындағы №235 орта мектепте, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте және Б.Шалғынбаев атындағы №217  IT мектеп -лицейінде бітіруші сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мектеп түлектеріне Университеттің кадрлар даярлаудағы негізгі миссиясы, бакалавр даярлық деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді, талапкерлерге ұсынынылатын жеңілдік түрлерімен таныстырылды, материалдар таратылды. Оқуға қабылдау комиссиясының жұмысының жүру барысы туралы толық мәлімет берілді. Бітіруші түлектер сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кездесу соңында түлектерге алдағы сынақтан жақсы нәтижемен сүрінбей өтуіне тілек білдірді.  Мектеп басшылары бітіруші түлектермен кездесуді жоғарғы деңгейде ұйымдастырды.