С.Сейфуллин атындағы №4 IТ- мектеп-лицейінде бітіруші сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
-
С.Сейфуллин атындағы №4 IТ- мектеп-лицейінде бітіруші сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы № 4 Ақпараттық технология мектеп-лицейі (IТ- мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бітіруші сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді; - Мектеп түлектерімен кездесуге Қызылорда ашық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, ф.-м.ғ.к., қауымд.профессоры Айсұлу Мұхамбетжанқызы, Құқық және қызмет көрсету кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Қалиқызы және Қылмыстық құқық білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Рысдәулет Оралбайұлы барды;
- Мектеп түлектерімен кездесу осы мектеп-лицейдің т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Қ.А.Бисенов атындағы аудиторияда өтті;
- Қызылорда ашық университетін таныстыру бейнероликтен басталды;
- Білім беру бағдарламалары, халықаралық байланыс түрлері таныстырылды;
- Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы жайында жақында ғана Беларусь Республикасындағы Полоцк мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген Қылмыстық құқық БББ-ның 1-ші курс студенті Рысдәулет Оралбайұлы жан-жақты айтып жеткізді;
- Түлектерге университет ұсынған жеңілдіктер таныстырылды;
- Қызылорда ашық университетін таңдаудың артықшылықтары айтылды;
- Түлектер қызығушылық танытып, университет телеграм ботына тіркеліп, сұрақтар қойды;
- Кездесу соңында мектеп басшылығы мен сынып жетекшісіне кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірілді, сондай-ақ түлектерге ҰБТ-ны сәтті тапсырып, мемлекеттік гранттардың иегері болуға тілектестік білдірілді!