⚜️ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МОДЕЛІН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫН НЫҒАЙТУ
⚜️ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МОДЕЛІН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫН НЫҒАЙТУ
✨ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен 15 мамыр күні Дүниежүзілік банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының аясындағы «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» тақырыбындағы қорытынды семинар өтті.
✨ «Білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде өзара байланысты екі жоба аяқталуда. Қазақстандық және финдік жоғары оқу орындарының сарапшыларының бірлескен жұмысының арқасында осы нәтижелерге қол жеткізілді.
1-жоба – «Педагогикалық білім әлеуетін нығайту» (KZEMP/QCBS-03) жобасы шеңберінде педагогикалық білімнің, жаңа педагогикалық моделі әзірленді және «Педагогикалық, зерттеулер» бағыты бойынша ббб-ның мазмұны жаңартылды. Неғұрылым құзыретті, студентке бағдарланған және жаңа педагогикалық модельдер мен институционалдық құрылымдарға, сондай-ақ, жаңа педагогикалық құрылымдардың талаптарына сындарлы түрде сәйкес келуі үшін Қазақстандағы орта білім берудің білім беру бағдарламалары кіреді.
2-жоба – «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» жобасы (KZEMP/DS-02).
Педагогикалық білімнің жаңа жетілдірілген моделін енгізуге және әзірлеген 30 ббб-н пилоттауға бағытталған. Жоба аясында 1800 оқытушы заманауи педагогикалық білімді тереңдетуге және силлабустарды кұрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті.
✨ Семинарға университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айгул Бекқожақызы және «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі Маржан Кылышбаевна қатысып, сертификатка ие болды.