МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – ӨМІРЛІК БАСТЫ ҚАДАМ

Бүгін «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Елпанова Мадина Абжалиевна және аға оқытушылары Примжанова Амина Абуталиповна, Ахметова Гулназ Якудақызы С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің, М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің, Абылай хан атындағы №140-шы және Ж.Нұрманов атындағы № 198 мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу аясында профессор-оқытушылар құрамы университеттің артықшылықтары мен жетістіктерін жеткізіп, бітірушілерге сәттілік тіледі.