УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯҒА ҚАТЫСТЫ
УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯҒА ҚАТЫСТЫ
MAQSUT NARIKBAYEV University базасында 21-23 мамыр күндері «Құқық» даярлау бағыты бойынша стратегиялық сессия өтті. Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыған 15 сұрақты қарастырып, шешу жолдарына тоқталды.
Жиынға Қызылорда ашық университетінің «Құқық және қызмет көрсету кафедрасының аға оқытушысы, Құқықтану білім беру бағдарламасының әзірлеушісі, заң ғылымының магистрі Ақбөбек Ябинова қатысты.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен MAQSUT NARIKBAYEV University «Құқық» даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған сессияға қатыстым. Басқосудың мақсаты - құқықтық білім беруді дамыту тұжырымдамасын талқылау. Осы ретте, жаһандану және еңбек нарығының қажеттіліктерін, құқықтық білім берудің бәсекеге қабілетті моделін дамыту бойынша тәжірибе жинақтап, тың ақпараттармен таныстық»,-деді университет ғалымы Ақбөбек Русланқызы.
Сессияны Оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы Талғат Нәрікбаев жүргізіп, ҚР ҒБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова, СЕО Eurasian Center for People Management компаниясының Бас директоры Ербол Исмаилов қатысты.
Қорытындылай келе, кездесу өзекті мәселелерді талқылауға және жоғары оқу орындарының қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға арналған алаңның болуы маңызды екендігін көрсете алды. Сессия соңында құқықтық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылап, ұсыныстар тыңдалды.