🖊️ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

🖊️ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ
🖊️ Қызылорда ашық университетінің ректораты мен ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», Педагогика ғылымының кандидаты, академиялық профессор, ғалым-ұстаз Серікбаев Ғабит Өмірзақұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
🖊️ Елімізідің ғылым және жоғары білім саласындағы орны толмас ауыр қаза. Ғабит Өмірзақұлының жарқын бейнесі онымен қызметтес болған барша әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады!
🖊️ Серікбаев Ғабит Өмірзақұлы 1955 жылы 5 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 171 орта мектепті бітірген (1972 ). 1973-1978 жылдар аралығында Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка-педагогика факультетінде оқыған. 1978 жылы қаладағы №235 орта мектепте мұғалім қызметін атқарды. 1979 жылдан Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы. 1986-1988 жылдары Мәскеудегі КСРО Педагогика ғылымдары академиясының ізденушісі, 1988-1991 жылдары осы академия жанындағы «Көркемдік тәрбие» ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. 1991 жылы Мәскеуде философия Ғылымдарының докторы, профессор В.А. Разумныйдың жетекшілігімен «Совершенствование профессиональной подготовки учителя музыки в педвузах Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. 1993-2004 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық университетінің «музыкалық білім беру» кафедрасының меңгерушісі. 2004 жылдары осы оқу орнының Сырттай оқу бөлімінің педагогикалық мамандықтар бойынша деканы қызметін атқарды. 2008 жылдары Қызылорда «Болашақ» университетінде «Педагогика, психология және өнер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
🖊️ 50 астам ғылыми мақалалар миен оқулықтар авторы.
🖊️ Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» (1997), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері. Академиялық профессор.