СИНГАПУР: Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы
СИНГАПУР: Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы
Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Сингапур Ұлттық Университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті. Форум барысында екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы бірқатар негізгі келісімдерге қол қойылды.
Айта кетейік, 20-25 мамыр аралығында Сингапур мемлекетінің Наньян технологиялық университетінде басқару менеджменті бағыты аясында біліктілікті арттыру тағлымдамасы өтті. Оған қазақстандық ЖОО-ның ректорлары мен проректорлары қатысып, шетелдік сарапшылардан тәжірибе жинақтады.
Басқосуға Қазақстан мен Сингапурдың жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының 150-ден астам өкілі қатысты. Алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастық білім мен дағдыларды одан әрі нығайтуға, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді деп сенеміз.