«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Murager білім беру гранттары бағдарламасына конкурс жариялауда

Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері мен Компания бөлімшелері бар аймақтардағы (Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogram Instagram парақшасында жарияланған.
Murager бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылында да оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.