АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ҰТЫМДЫҒЫ

Қызылорда ашық университетінде – академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің білімін арттыру басты міндеттердің бірі. Биылғы оқу жылында аталмыш бағдарлама аясында біршама студент өз білімдерін жетілдірді. 

Атап айтсақ, университет 2023-2024 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Жұмабек Ташенев атындағы университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетімен әріптестік байланыс орнатып, студенттер өз білімдерін шыңдады. 

Оқу орны 2023 жылдың қараша айында Беларуссияның «Евфросиния Полоцкая» атындағы Полоцкий мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Нәтижесінде, екі студент сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға мүмкіндік алды.

Қызылорда ашық университетінде білім алушылардың отандық және шетелдік оқу орындарында тәжірибе жинап, білімдерін одан әрі шыңдауға жол ашылған. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті маман даярлауда жаңа білім беру жүйесі мен заманауи технологияларды кеңінен қолданып келеді.