Q&A/сұрақ-жауап: РЫСДАУЛЕТ ОРАЛБАЙ

Білім алушылардың жетістіктері мен шығармашылығын насихаттау мақсатында жаңа «Q&A/сұрақ-жауап» айдары ашылды. Алғашқы кейіпкеріміз - Рысдаулет Оралбай.

Рысдаулт Оралбайұлы – Құқықтану (Қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасының 1-курс студенті. Қазіргі таңда Қызылорда ашық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы.

Q: Рысдаулет сұқбат беруге келіскеніңе рақмет!  Сенің сұқбатың замандастарыңа, болашақ студенттерге белсенді, ізденімпаз болулары үшін септігін тигізеді деп сенеміз. Ең алдымен өзіңді қысқаша таныстырып өтсең?

A: Мен Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тумасымын. 2006 жылы 25 маусымда дүниеге келдім. Қазіргі таңда Қызылорда ашық университетінің студентімін.

Q:  Университеттегі алғашқы оқу жылын қалай қорытындыладың?

A: Биыл мен үшін өте жемісті жыл болды. Жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге жол ашылды. Өзіме орта таптым, ең бастысы университет таңдауда қателеспегенімді түсіндім.

Q:  Оқу орнындағы қызықты естелігің?

Биылғы ең қызықты естелгім де  Беларусь елінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде білім жетілдіру болды.  Себебі, бұл менің алғаш рет шетелге шығуым еді. Шетелде тұрып білім алу, жаңа ортамен танысып олардың салт-дәстүрімен, материалдық-техникалық базасымен танысу  сана көкжиегімізді дамытуға пайдасы зор деп ойлаймын. Мұның өзі мен үшін үлкен жетістік деп білемін.

Q:  Қызылорда ашық университетін таңдаудағы TOP-3 себеп?

A: Мүмкіндік, жаңашылдық, ректор гранты

Q:  Сен үшін студенттік өмір қандай болуы керек?

A: Студенттік өмір мен үшін – ізденісте болатын кез. Бос уақытты университет қабырғасында тиімді өткізу. Жас кезде берілген барлық мүмкіндікті пайдаланып қалу керек деп ойлаймын. Дәл осы студенттік шақта өзіңнің қабілетіңді ашып, біліміңді жетілдіруге, сонымен қатар жақсы қырларыңды дамытуға мүмкіндік көп.

Жарайсыз, армандарың орындала берсін! Тек сәттілік тілеймін.