ШЕТЕЛДІК ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгінде университеттің ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп, белгілі жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы дамып келеді. Нәтижесінде, биылғы оқу жылында білім алушылар шетелдік және отандық ғалымдардан дәріс алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында польшалық профессор Александр Скалий, ресейлік ғалымдар Светлана Литвинова мен Сакен Шерьязов және отандық ғалым Зухра Абибуллақызы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған дәріс оқыды. Сонымен қатар, білім беру кеңістігіндегі өзара қарым - қатынасты нығайтып, тәжірибелерімен бөлісті. 

Александр Скалий – Польша Республикасының «WSG University Быдгощи» профессоры, РһD. Ғалым –  жүзу, су қауіпсіздігі және спорттық менеджментті басқару бойынша халықаралық нұсқаушы. Білім алушыларға педагогикалық ғылымдар саласы бойынша «Педагогика», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламалары білім алушыларына дәріс оқыды. Ал, университеттің оқытушы-профессорлар құрамына «Серіктестік жобаларды жазу: идеялардан іске асыруға дейін» тақырыбында біліктілік арттыру курстарын жүргізді.

Светлана Литвинова – Ресейдің Ұлттық зерттеу университеті - Халықаралық психологиялық-педагогикалық инновациялар институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ол Қызылорда ашық университетінің білім алушыларына «Білім беруді дамыту үрдісі, қазіргі педагог рөлін трансформациялау» тақырыбында курс жүргізді. Сонымен қатар, оқу орнының оқытушы-профессорларына «Заманауи мұғалім рөлін трансформациялау, жаңа сауаттылық және оқушының болашақ дағдыларын дамытуға бағыттау» курсы бойынша тәжірибе алмасты.

Сакен Шерьязов  –  Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей Федерациясы) профессоры, техника ғылымдарының докторы. Ғалым университеттің студенттеріне дәріс оқыды. Оған қоса, «Инженерлік технологиялар» кафедрасының оқытушыларына 72 сағат көлемінде «Электр энергиясымен жабдықтау және жаңартылған қайтарымды энергия көздері» тақырыбы бойынша біліктіліктілік арттыру курсын өтті.

Зухра  Зубайраева  – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. Қызылорда ашық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Жас ерекшелік психологиясы» және «Жалпы психология» пәндерінен дәріс жүргізді.