БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Қызылорда ашық университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Маржан Бисенова балалар күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының балғындары «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында оқу жылын қорытындылап, жетістіктерімен бөлісті.
«Республикалық додаларда білім, ғылым, спорт, шығармашылық бағыттары бойынша топ жарған көз қуаныштарымыздың жетістіктері зор мақтанышпен айтарлықтай нәтижелі. Сыр бүлдіршіндерінің алдындағы жаңа жауапкершілігіміз осы шарамен қатар басталып, жүрек жарды тілегіміз бен кішкене сыйлығымыз арқылы мереке иелерінің қуанышымен бөлістік»,-деді Маржан Қылышбайқызы.
Жұлдыздар шеруі балдырғандардың мерекелік концертімен ұласты. Балдырғандарды облыстық, қалалық мекемелердің басшылары, білім ордаларының басшылары, мұнай компанияларының өкілдері және өңіріміздің кәсіпкерлері мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.