УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Қызылорда ашық университетінде ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында нәтижелі жұмыстар жүруде. Биылғы оқу жылында университет ғалымдары әріптестік байланыстың нәтижесінде отандық оқу орындарында ақпарат алмасып, өзге оқу орнының білім алушыларына дәріс оқыды. Атап айтсақ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Әлібекова, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқытушыларымыз Арайлым Жармаханова мен Ақбөбек Ябинова тәжірибе алмасты.

Айгүл Әлібекова – Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.  Ынтымақтастық байланыс негізінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде екі аптаға жуық тәжірибе алмасып, «Экономика білім беру» бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Логистика» пәнінен дәріс оқыды.

Арайлым Жармаханова «Педагогика» кафедрасының оқытушысы. Педагог «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша 3-курс білім алушыларына «Инклюзивті білім беру» пәнінен дәріс жүргізді. Білім алушыларды білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелерімен таныстырды. Соынмен қатар, ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды модельдеу сызбаларын бөліп көрсетіп, жалпы және арнайы білім берудің маңыздылығын түсіндірді.

Ақбөбек Ябинова «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі. Ғалым «ҚР қылмыстық құқығы» (ерекше бөлім) және «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық» пәндерінен білім берді. Дәріс барысында тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттармен бөлісті.