Q&A/сұрақ-жауап: ҮМІТ ЗАРЛЫҚОВА

Үміт Зарлықова – «Әлеуметтік жұмысі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті. 2006 жылы 8маусымда дүниеге келген. Арал ауданының тумасы.

Q: Сәлем, Үміт. Сұқбат беруге келіскеніңе рақмет. Жаңа айдарымыздың мақсаты өзіңдей белсенді жастарға қолдау көрсету, жаңа қырынан танысту. Алғашқы сауалым: не себепті «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасын таңдадың?

A: Сәлеметсіз бе! Болашақ мамандығымды әбден ойланып таңдадым. Себебі, алған білімім пайдалы болғанын қаладым. Ең бірінші өзіме ұнайтын, бітіргеннен кейін қай салада өзімді көргім келеді соған назар аудардым. Маған халықпен жүмыс жасаған ұнайды екен. Болашақта адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге маман ретінде өз үлесімді қосқым келеді.

Q: Әлеуметпен жұмыс істеу оңай емес. Өз мамандығыңның артық тұстары қандай деп ойлайсың?

A: Әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет ететін адамдарға қызмет көрсету болып табылады. Білікті оқытушылардан дәріс алу арқылы балалар мен жастарға әлеуметтік-педагогикалық қолдау және адамгершілік-рухани білім беру, мәдени және ұлттық құндылықтарды дамыту, ілгерілетуді үйренудеміз. 

Q: Биыл 1-курсты тәмәмдадың. Жарайсың! Алғашқы оқу жылынан-ақ белсенділігіңмен көзге түстің. Жалпы алғашқы оқу жылыңды қалай қорытындыладың?

A:  Белсенді жастардың қатарына қосылғалы әр күніміз қызықты өтеді. Мен үшін жаңа мүмкіндіктерге, жаңа достар тауып, тәжірибеге толы қызықты жыл болды. Өзім үшін көптеген жаңа қырларымды ашып, жетістіктерге жеттім. Атап айтатын болсам, «Сәуір айының үздік волонтері» номинациясын және Алғыс хатпен марапатталдым.

Q: Жарайсың! Жетістіктерің көп болсын! Үміт, өмірлік ұстанымың қандай?

A: «Қолыңда бардың қадірін біл!». Бұл менің өмірлік ұстанымым. Әрдайым есте сақтайтын қағидаларым да бар. Не болса соған сене бермеу. Ең маңыздысы - уақытыңты босқа жібермеу.

Q: Замандастарыңа айтар кеңесің бар ма?

A: Әрине, еңбектенуден шаршамау керек. Еңбекпен келген жетістіктің берекесі болады. Жақсы білім алсаң, беделді қызмет етесің және өмірде өз жолыңды дұрыс табуға жол ашылады.

Уақыт бөліп сұқбаттасқаныңа рақмет! Сәттілік тілеймін. Алар асуың бұдан да биік болсын!