Университет оқытушылары арнайы оқыту курсынан өтті

Университет оқытушылары арнайы оқыту курсынан өтті

Қызылорда ашық университетінің оқытушылары Түркістан облысында өткен «Инклюзивті білім беру моделін дамыту және оқыту» атты оқыту курсына қатысты. Шара 4-13 маусым күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Курста Греция республикасының «National and Kapodistrian» және «University of Athens» университетінің профессор-оқытушылары өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте инклюзивті білім берудің қыр-сырын үйретті. Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие мен сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады.
Аталмыш курсқа «Педагогика» кафедрасының оқытушылары Ақмарал Ажмолдаева, Айзат Ғани және Арайлым Жармаханова қатысып, білімдерін шыңдады. Қатысшуыларға курсты сәтті аяқтағаннан кейін 72 сағаттық сертификат табысталды.