ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қызылорда ашық университетінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Қабылдау комиссиясы жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне бірінші проректор Абайбек Жүнісов қатысып, оқуға түсушілерге сәттілік тіледі.
«Қызылорда ашық университеті талапкерлерді қабылдауға дайын. Қабылдау комиссиясы бүгіннен бастап ресми түрде өз жұмысын бастады. Биыл университетке түсушілер саны артады деп ойлаймыз. Құжат тапсыруға келген талапкерлер мен ата-аналар үшін барлығы жан-жақты қарастырылған», – деді проректор.
Қызылорда ашық университеті Сыр еліндегі ең қолжетімді деңгейдегі оқу ақысын ұсынады. Университетте талапкерлердің әлеуметтік жағдайына қарай 10,15,20,30 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған. Ал ҰБТ-дан 100 балл жинаған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған талапкерлерге «Ректор гранты» тағайындалады. Айта кетейік, биыл әскери борышын өтеп келген он талапкерге тегін білім гранты беріледі. Сонымен қатар, әскери борышын өтеген азаматтардың оқу ақысына 20 пайыз жеңілдік ұсынылады.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, комиссияның жауапты хатшысы Айгүл Әлібекова қабылдау комиссиясының жұмысына тоқталды.
«Комиссия құрамына арнайы мамандар мен тәжірибелі оқытушылар енгізілген. Олар кәсіби бағыт-бағдар, кеңес беру және бакалавриат бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оған қоса, университеттің ресми парақшаларында да онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Комиссия мүшелері талапкерлерге онлайн және офлайн форматта сапалы әрі жедел қызмет көрсетеді. Оқу орнында 23 білім беру бағдарламалары бойынша маман даярланады. Биыл оның 20 БББ-на мемлекеттік тапсырыс бойынша грант бөлінеді», – деді Айгүл Әлібекова.
Қабылдау комиссиясы демалыссыз 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс уақыты 13.00-ден 14.00. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №72.
Call-орталық: 8 702 842 93 02, 8 707 307 28 55