ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАГЕРГЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Индонезиядағы Тербука Университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы лагерге өтінім беру аяқталды. Нәтижесінде, Қызылорда ашық университетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жанель Нұрлан мен Ксения Хан іріктеуден сәтті өтіп, шақырту алды.

Айта кету керек, Қызылорда ашық университеті халықаралық жазғы лагерге шақырту алған қазақстандық бірегей университет. Оқу орны Азиядағы ашық университеттер қауымдастығының мүшесі.

BINAR  немесе Бина Будаяантар Бангса — Индонезиядағы Тербука Университеттер (UT) ұйымдастырған халықаралық жазғы лагерь. Бұл бірегей бағдарлама бүкіл әлемнен келген студенттер арасында мәдениетаралық түсіністік пен жаһандық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған академиялық курстар мен мәдени іс-шаралардың жиынтығын ұсынады. Онлайн және офлайн әрекеттердің үйлесімі қатысушыларды жаһандық азаматтыққа дайындайтын жан-жақты тәжірибені қамтамасыз етеді.

Іріктеуден өткен студенттер 15-28 шілде аралығында онлайн форматтағы оқу бағдарламасына қатысады. Осы аралықта белсенділігімен көзге түскен студенттер қыркүйек айында Джакарта мен Балиде өтетін лагердің екінші кезеңіне жолдама алады.

Студенттерімізді құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!