ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДІҢ ОНЛАЙН КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Индонезиядағы Тербука Университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы лагердің онлайн форматтағы оқу бағдарламасы басталды.  Лагерьге Қызылорда ашық университетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жанель Нұрлан мен Ксения Хан қатысуда. Алғашқы сессия қатысушылардың таныстығынан басталды.

«Іріктеуден сәтті өткеніме қуаныштымын. Бұл студенттерге берілген үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, ағылшын тілі деңгейімізді жетілдіруге, өзге елдердің мәдениет тануға зор ықпал етеді деп ойлаймын. Бүгін онлайн форматта танысу кезеңі өтті. Әлемнің түрлі мемлекеттерінен студенттер қатысуда, алдағы уақытта пайдалы әрі қызықты болады деп сенемін»,-деді Хан Ксения.

Халықаралық лагерьге әлемнің жетекші университеттерінің студенттері іріктелінген. Атап айтсақ, Гонконг Метрополитен университеті, Шанхай ашық университеті, Қытай ашық университеті, Малайзия ашық университеті, Бангладеш ашық университеті, Филиппин ашық университеті, Ханой ашық университеті;  Шри-Ланка ашық университеті, Индонезия технологиялық университеті, Малайзия технологиялық университеті, Малайзия ұлттық университеті және Қызылорда ашық университетінің білім алушылары лагердің онлайн форматына жолдама алды.

Қызылорда ашық университеті халықаралық жазғы лагерге шақырту алған қазақстандық бірегей университет. Оқу орны Азиядағы ашық университеттер қауымдастығының мүшесі.

Қатысушылар 15-28 шілде аралығында онлайн форматтағы оқу бағдарламасына қатысады. Осы аралықта белсенділігімен көзге түскен студенттер қыркүйек айында Джаркарта мен Балиде өтетін лагердің екінші кезеңіне жолдама алады.