АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Қызылорда ашық университеті мен Алматы технологиялық университеті арасында ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін келісімге қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – екі оқу орнының студенттері мен оқытушыларына академиялық ұтқырлық мүмкіндігін арттыру, қос диплом бағдарламасын жоспарлау, кәсіптік білім беруді іске асыру, жоғары білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Қол қойылған Келісім шеңберінде ынтымақтастық өзара қызығушылық тудыратын ақпарат пен құжаттармен алмасуға және бірлескен зерттеу мүмкіндіктерін, семинарларды, кездесулерді, дәрістер мен іс-шараларды ұйымдастыруды қарастырады.
Бүгінде білім беру қызметтерінің нарығы қарқынды дамып келеді. Кездесуге қатысқан екі жақтың өкілдері білім беру сапасын арттырудағы тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ алдағы уақыттағы өзара ынтымақтастық байланыстың шарттары мен мүмкіндіктерін талқылады.