BINAR 2024 : Халықаралық жазғы лагердің екінші аптасы басталды

BINAR 2024 : Халықаралық жазғы лагердің екінші аптасы басталды
BINAR 2024 (Bina Budaya Antarbangsa) Халықаралық жазғы лагерінің бірінші аптасы өте сәтті өтті. Студенттер Индонезия тілін онлайн форматта белсенді түрде оқуда. Бағдарламаның алғашқы аптасында сәлемдесу, өзін таныстыру сияқты тілдік дағдыларды үйренді.
Лагерьге Қызылорда ашық университетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жанель Нұрлан мен Ксения Хан қатысуда. Қызылорда ашық университеті халықаралық жазғы лагерге шақырту алған қазақстандық бірегей университет.
Айта кетейік, қатысушылар сабаққа белсенді қатысып, үлкен қызығушылықпен жалғастыруда. Онлайн форматтағы сабақ 28 шілде өз мәресіне жетеді. Студенттерге сәттілік тілейміз!