АЗИЯ АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ (AAOU) ОНЛАЙН ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ

Қызылорда Ашық университетінің профессор-оқытушылық құрамы мен жоғары курс студенттері Азия Ашық университеттер ассоциациясы ұйымдастырған дәріске қатысты. Дәріс AAOU мүше университеттерінің оқытушылары мен студенттеріне ұйымдастырылды.

          Жиында академиялық және ғылыми-зерттеу басылымдары туралы сөз қозғалды. Яғни, білікті мамандар қатысушыларға әлемге әйгілі басылымдарға зерттеу жұмыстарын жариялаудың құпияларымен бөлісті.

          Университет оқытушылары мен білім алушылары онлайн дәріске белсене қатысып, тың ақпараттармен танысты. Қатысушылар алдағы уақытта жаңа білімдерін жаңа ізденіс жұмыстары мен жариялау бағытында пайдаланады деп сенеміз.