ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОР ГРАНТТАРЫ БӨЛІНУДЕ

Қызылорда ашық университетінде 2024-2025 оқу жылына арналған ректор грантына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Конкурсқа ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған және ата-ана қамқорлығынан айрылған талапкерлер қатыса алады. Айта кетейік, биыл ректор гранты санына шектеу жоқ. Оқу орны талапқа сай келетін барлық талапкерлерді қабылдауға дайын.

Бұдан бөлек, сәуір айында математика және физикадан өткізілген пәндік олимпиада жеңімпаздарына 20 білім гранты тағайындалды. Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуметтік жағдайына қарай түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Әскери борышын өтеген талапкерлердің оқу ақысына 20 пайыз жеңілдік ұсынылады.

Бүгінгі таңда биылғы оқу жылына 8 талапкерге ректор гранты тағайындалды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінен университетте оқуға 100 пайыз жеңілдік 8 білім алушыға қарастырылды. Айта кетейік, өткен жылы университет 19 студентке білім грантын бөлген.

Өтініш бергіңіз келсе, Қызылорда ашық университетінің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Толық ақпаратты оқу орнының https://ouk.edu.kz/kk/ ресми сайтынан біле аласыздар.