Қызылорда ашық университетінің 7 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті
Қызылорда ашық университетінің 7 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті
Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы Қызылорда ашық университетінің 7 білім беру бағдарламасын бес жылға аккредиттеді. Олар: «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Денешынықтыру және спорт», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Құқықтану» (қаржы құқығы), «Құқықтану» (мемлекеттік қызмет), «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары.
Халықаралық және отандық сарапшылар тобы Қызылорда ашық университетінің басшылығымен, оқу ғимаратымен, оқытушы-профессорлар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және бітірушілермен кездесті.
Нәтижесінде барлық стандарттар бойынша 7 білім беру бағдарламасы оң шешім көрсетіп, мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бүгінде университетті аккредиттеу оның жұмысының алғышарты болып саналады. Сондай-ақ, халықаралық аккредиттеудің алғашқы нәтижелері оның отандық жоғары білім жүйесіне қажеттілігі мен маңызы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда университетте ашық білім беру бағдарламалары жасалып, сұранысқа сай еңбек нарығына қажетті мамандар саны артып келеді.