Жаңа оқу жылы: жиі қойылатын топ-3 сұрақ

Жаңа оқу жылы: жиі қойылатын топ-3 сұрақ

Қызылорда ашық университетінің басшылығы жаңа оқу жылы қарсаңында жиі қойылатын топ-3 сұраққа жауап берді.

Жатақханаға қалай орналасуға болады?
Қазіргі таңда жатақхана жаңа оқу жылына толығымен дайын. Сыйымдылығы - 200 орын. Ең алдымен 1-курс студенттерінің өтініші қабылданады. Өтінімдер 25 тамыздан басталады. Жатақханаға орналасу мәселелері бойынша байланыс нөмері: 8 701 472 36 70 Шынар

Оқу кестесі қашан шығады?
Жаңа 2024-2025 оқу жылының сабақ кестесі 28 тамызда жарияланады.

Оқу ақысын қалай төлеу керек?
Оқу ақысын бөліп төлеу қарастырылған. Сонымен қатар, банк қосымшалары арқылы онлайн-аударма жасау арқылы жүзеге асырылады. Оқу ақысына байланысты сауалдарыңыз болса университеттің "Маркетинг" бөлімінің мамандары жауап береді. Байланыс нөмері: 8 702 728 35 66 Гүлпатша

Құрметті білім алушылар, біздің ақпарат пайдалы болды деп сенеміз. Сұрақтарыңыз болса жолдаңыздар. Біздің мамандар жауап беруге дайын. Жаңа оқу жылына сәттілік!