ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Жаңа оқу қарсаңында Сыр елінде "Digital Kazakhstan:жаңа замандағы білім беру тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Басқосуда білім саласындағы жетістіктер сараланып, өзекті тақырыптардың түйіні тарқатылды. Кеңеске барлық деңгейдегі білім саласының басшылары мен мыңға жуық педагог қатысты.
Педагогикалық тамыз кеңесінің алғы сөзі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына беріліп, оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының арнайы бейне құттықтауы көрсетілді.
Жиынға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Көктем Ерімбетов қатысып, басқосудан алған әсерімен бөлісті.
"Дәстүрлі түрде өткізілетін тамыз кеңесі – педагогтар қауымы үшін үлкен мүмкіндік алаңы. Себебі, бір-бірімізбен пікір алмасып, тың бастамалар мен жобалар туралы ақпарат аламыз.
Білім саласындағы кәсіби мамандардың ойларын тыңдадық. Жалпы педагогтер үшін өте пайдалы басқосу болды",- деді Көктем Ақарысұлы.