УНИВЕРСИТЕТ ПРОФЕССОРЫ ҮНДІСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ «ҚҰРМЕТТІ АДЪЮНКТ-ОҚЫТУШЫСЫ» ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда ашық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғайни Мұханова Үндістанның The Lovely Professional University жеке оқу орнының «құрметті адъюнкт-оқытушысы» лауазымына тағайындалды.

The Lovely Professional University – Үндістандағы үздік жеке университет болып табылады. Жеке университеттер рейтингінде 1-ші орынды, жеке және мемлекеттік университеттердің жалпы рейтингінде 25-ші орынды алады. «World University Ranking 2024 – World Wide 801-1000 Band» нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары университеттердің қатарында. Жыл сайын 70000-нан астам студент білім алады. Оның ішінде 3000 студент әлемнің түкпір-түкпірінен келіп оқиды. Ал университеттің бітіруші түлек саны 500000-нан асады.

Профессор Ғ.Қ.Мұханова сұқбаттан сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге шетелдік адъюнкт-профессоры атанды.  Ғайни Қазибайқызы - білікті ғалым, педагог. Ағылшын тілінде еркін сабақ береді. Алдағы уақытта өз тәжірибесімен бөлісіп, екі оқу орны арасында бірлескен бағдарламалар мен зерттеулерді, ынтымақтастық байланыс орнатуға септігін тигізеді деп  сенеміз.

"Мен үшін ең күшті жеке Үнді университетінің шетелдік ғалымдарының адъюнкт-профессорлық құрамының мүшесі ретінде Kyzylorda Open University (OUK) атынан өкілдік ету үлкен мәртебе. Мен OUK-ті, сондай-ақ іріктеу турлары мен арнайы сұхбаттар аясында қазақстандық білім беру кеңістігін лайықты түрде ұсына алғаныма қуаныштымын. Біз қазақстандық ғалымдардың халықаралық тәжірибе алмасуға дайын екендігін дәлелдейміз. Осымен біз тәжірибе алмасып, өз білімімізді шетелдік әріптестерімізбен бөлісеміз", - деді профессор.