View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2024 12:33

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

Written by
Rate this item
(0 votes)

Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, дамудың басым бағыттарын айқындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс.
Сондай-ақ Президент бұдан былай мектептерде және жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық негіздері оқытылатынын айтты. Өйткені цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Бұл азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді деді мемлекет басшысы.
Жиынға басшылық құрам, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

Read 64 times

Хат жазушы үшін


Защитный код
Жаңарту