УНИВЕРСИТЕТ БЕЛСЕНДІЛЕРІ 1-КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда ашық университетінде оқу орнының белсенді студенттері 1-курс білім алушыларымен танысу кешін өткізді. Кездесудің мақсаты - білім алушылардың жаңа ортаға бейімдеу, университеттегі жастар ұйымдарымен таныстыру.
Басқосуда тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасының басшысы Нұрлытаң Саймағанбетов білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, оқу орнының ішкі ережелерімен таныстырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, студенттік шақты тиімді өткізуге шақырды.
Кездесу университеттің белсенді студенттерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.