Қызылорда ашық университеті Корея Республикасының Пусан шет тілдері университетімен меморандумға қол қойды

Қызылорда ашық университеті Корея Республикасының Пусан шет тілдері университетімен меморандумға қол қойды

Қызылорда ашық университетіне Корея Республикасының Пусан шет тілдері университетінің делегациясы іссапармен келді. Кездесу барысында университет ректорының міндетін атқарушы Абайбек Жүнісов Пусан шет тілдері университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі деканы Сон Хи ханымды қабылдады.

Ынтымақтастық аясында екі тарап өзара профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тәжірибе алмасуын, бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудыкең көлемде талқылады.

Нәтижесінде жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп, келісімге қол қойды.