АЭС салудың маңызы талқыланды
АЭС салудың маңызы талқыланды
Қызылорда ашық университетінде АЭС салудағы технологияның қауіпсіздігі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық аспектілері талқыланды.
Жиынға АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілі, «Құқық және қызмет көрсету» кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Маржан Бисенова, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Нұржамал Сайлаубекова және педагогика кафедрасының оқытушысы Роза Шынжырбайқызы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
«Бүгінде АЭС салу жөніндегі университет ұжымы және білім алушыларымен кездесу өткіздік. Мұндағы басты мақсатымыз алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығын түсіндіру», – деді Маржан Бисенова.
Кездесуде АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы баяндалды. Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадрларды дайындау үшін білім беру бағдарламалары мен зерттеулердің қажет ететіндігі айтылды.