Университет декандары Назарбаев университетінде біліктіліктерін арттыруда

Университет декандары Назарбаев университетінде біліктіліктерін арттыруда

Назарбаев университетінде "ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE: DEANS 'SCHOOL" жобасы аясында еліміздің жоғары оқу орындары декандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. Бағдарламаның ашылу салтанатына Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сагинтаева қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тыңдаушылар қатарында Қызылорда ашық университетінің декандары да бар.
Бағдарламаның мақсаты - білім беру сапасын басқарудағы құзыреттілікті арттыру, оқытуға инновациялар мен цифрлық технологияларды интеграциялау, стратегиялық жоспарлау, өзгерістер жағдайындағы көшбасшылық, студенттердің үлгерімін жақсарту, таланттарды басқару және этикалық корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған.
Шара 25-28 қыркүйек аралығында “Білім сапасын басқару” және “Академиялық қызмет және білім берудегі инновациялар” тақырыбындағы модульдермен жалғасады.