Жасанды интеллект: тиімді қолдану уақыты
Жасанды интеллект: тиімді қолдану уақыты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі семинар-мәжілісі өтті.
Семинарға Қызылорда ашық университетінің өкілдері қатысты. Жиында IT-білім беру саласындағы инновациялар, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдауы жасалды.
Семинарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Гүлжан Сағидоллақызы, ХАТУ АҚ басқарма төрағасы-ректоры Асылбек Исахов, Қорқыт ата университетінің ректоры Бейбіткүл Сарсемханқызы сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні жоғары білім беру жүйесіндегі маңызын атап өтті.
Қатысушыларға тәжірибелік сессиялар өткізіліп, жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша нақты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.