⚜Назарбаев университетінде декандар мектебі басталды
⚜Назарбаев университетінде декандар мектебі басталды
⚜NU GSE бағдарламасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 80 деканы білім алуда. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің дағдылары мен білімдерін дамыту мақсатында Назарбаев университетінде жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» кешенді бағдарламасы іске қосылды.
⚜Бағдарлама жоғары білім беру ортасында сапа мен табысты басқарудың жоғары стандарттарына қол жеткізуге бағытталған. Конкурстық негізде іріктеліп алынған 80 университет деканы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін білім алады. Барлығы 46 жоғары оқу орнынан 170-тен астам өтініш түскен.
⚜Қыркүйектің 25- 28 аралығында білім беру сапасын басқару, академиялық қызмет және инновация бойынша алғашқы оқу модульдері өтті.
⚜Жалпы, бағдарлама бірнеше модульдерден тұрады: білім сапасын басқару, оқу және ғылыми-зерттеу қызметі, студенттермен жұмыс, цифрлық трансформация және стратегиялық жоспарлау және т.б.
⚜Халықаралық модуль Шанхай педагогикалық университетінде өтеді. Онда декандар академиялық көшбасшылық саласындағы әлемдік тәжірибемен танысады.
⚜«Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» бағдарламасына кейбір модульдер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен Ахмет Ясауи университетінде өтеді.