⚜ЭМИЛИЯ ДИМОВА - УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ

⚜ЭМИЛИЯ ДИМОВА - УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ

⚜Траки университетінің доценті Эмилия Димоваға Қызылорда ашық университетінің "Құрметті профессор" атағы берілді. Жиында ректордың м.а.Көктем Ерімбетов ғалымның еңбек жолына тоқталып, университеттің ғылым мен білім саласын дамытуда қосқан үлесіне алғыс білдірді.

⚜Шетелдік ғалым Қызылорда ашық университетітінде 4-12 қазан күндері өз тәжірибесімен бөлісті. Ғалымның дәрісіне оқу орнының оқытушылары мен 1-2 курс білім алушылары қатысып, «Менеджмент және командалық жұмыс, адам ресурстарын басқару, іскерлік коммуникация» тақырыптары бойынша тереңірек ақпарат алды.

⚜Эмилия Димова - Траки университетінің “Техника және технология” факультетінің доценті. Ғалымның 3 оқу-құралы мен 1 монографиясы жарыққа шыққан.

⚜Университетте шетелдік ғалымдармен өзара тәжірибе алмасу нәтижелі. Халықаралық байланыста оқу орнының мәртебесі биік болып, атқарылып жатқан жұмыстар жалғасын таба береді деген сенім білдіреміз.