Ксения Ханға халықаралық сертификат берілді
Ксения Ханға халықаралық сертификат берілді
Қызылорда ашық университетінің 2-курс студенті Ксения Хан Индонезиядағы Тербука университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы лагердің оқу бағдарламасына онлайн қатысып, сертификат алды.
Сертификат 16-25 шілде аралығында өткен онлайн кезеңде сессиялар мен тапсырмалардың кемінде 60 пайызын сәтті орындаған қатысушыларға беріледі.
Айта кетейік, халықаралық лагердің І кезеңіне 50 студент іріктеуден сәтті өтіп, 15-28 шілде аралығында онлайн форматтағы оқу бағдарламасына қатысты. Осы аралықта белсенділігімен көзге түскен 10 студент 2-15 қыркүйек аралығында Джаркарта мен Балиде өтетін лагердің екінші кезеңіне жолдама алды. Бұл бірегей бағдарлама бүкіл әлемнен келген студенттер арасында мәдениетаралық түсіністік пен жаһандық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.