СТУДЕНТТЕР ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҒЫНА ҚАТЫСТЫ

Қызылорда Ашық университетінің «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының студенттері Қызылорда облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлерімен кездесті. Сала мамандары білім алушыларға криминалистикалық полигонда «Оқиға болған жерге қарап-тексеру» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

 Бұл сабақтың басты мақсаты - департаменттің оқу-жаттығу полигонындағы арнайы орындар мен құралдардың көмегін пайдаланып, оқиға болған жерге қарап-тексерудің ерекшеліктерін және оқиға болған жерден табылған айғақты заттардың немесе іс үшін маңызы бар объектілердің зерттеуін кеңінен түсіндіріп, іс-тәжирибесін дұрыс жүргізуге бағытталған.

 Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция майоры Қуаныш Шілдебаев «Оқиға болған жерге қарап-тексеру» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми-техникалық құралды қолдануды практикалық тұрғыда көрсетті.