Мүмкіндіктерді кеңейту үшін өзін-өзі қорғау (ESD)

“Анаға тағзым” орталығында ESD және UnWomen орталығының ұйымдастыруымен “Төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау” тренингі өтті.

Кездесуге Қызылорда ашық университетінің Педагогика және психология, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

Қатысушылар  тренингте қоғамда өзін-өзі қорғаудың қағидаларымен танысып, оны тәжірибе жүзінде қолдану туралы ақпарат алды.

Гендерлік теңдік – адамзат қоғамын гендерлік сипатына қарай бөліп-жармау, теңдігін қамтамасыз ету, бірдей мүмкіндіктер жасап, әділетті болу концепциясы. Биыл елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әйелдердің құқығы заңмен қорғалды.